БҚО-дағы  «CrownBatys» кешені қалпына келмек

/uploads/thumbnail/20180517130910789_small.jpg

Астана экономикалық форумының алаңында Батыс Қазақстан облысындағы мал бордақылайтын орын және ет комбинатын жандандыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгі­нов «Dunbia» компаниясының негізін қалаушысы Роберт Джон Добсон (Ұлыбритания), «Қаз­ Агро» ұлттық басқарушы холдин­гі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлы­ бек Малелов мен «Қазақстан ет одағының» ЖКЗТБ-ның бас директоры Мақсұт Бақтыбаев қатысты. Облыс әкімі ауыл шаруашылы­ғы, әсіресе, мал шаруашылығы дамуындағы аймақтың әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті. «Біз «CrownBatys» мал борда­қы­лау кешенін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз. Инвестор аймаққа қаржы құяды, біз ет және ет өнімдер на­рығын дамыту мен экспортқа шы­ғару үшін барлық жағдай жасаймыз», – деді Алтай Көлгінов. Аталған шара ҚР Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің қолдауы­ мен өтті. Айта кетсек, «Dunbia» қызыл ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың бірі, оның ішінде бөлшек және кө­тер­ме саудада сиыр еті, қой еті мен шошқа етін өндіру, жергілікті, ұлт­ тық және халықаралық дең­гей­де тамақтандырумен айналы­са­ды. Аталған компанияға Ұлыбри­тания мен Ирландия елдерінен 25 кәсіпорын кіреді, онда 1 миллионнан астам ірі қара мал жә­не 3 миллионнан астам қой бар. Өндірісте 30 мыңнан астам фермер және 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Компанияның әлем­нің әр түрлі елдерінде 50-ден астам өкілдіктері бар. Кәсіпорын тұрақты экономикалық өсімді көрсе­те отырып, олардың айналым қа­­ражаты 2 млрд. евроны құ­рай­ды. «Dunbia» еуропалық нарыққа жоғары сапалы өнім жеткізуші болып табылады, оның ішінде «McDonalds», «Tesko», «Spar», «M&S» ірі сауда желілерімен жұмыс жасайды. Сондай-ақ компания агро­ өнеркәсіптік кешенде мамандар дайындайтын еуропалық университеттермен, соның ішінде ком- пания үшін гранттармен жұмыс істейді. «Dunbia» компаниясы өз өнімдерін жақсарту үшін ғылы­ми зерттеулер мен әзірлемелер­ ді арттыру жұмыстарын белсенді түрде инвестициялайды. Негізгі ба­ғыты тұқымдарды асылданды­ру, тұрақтандыру режимімен рационға арналады.

Связанные Статьи